Мазмұнға өту

Колумбиядағы Бетел ғимараттарының құрылысына қатысқан еріктілер

29 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
КОЛУМБИЯ

Колумбияда жөндеуден өткен бетел ғимараттарында экскурсиялар қайта жанданды

Колумбияда жөндеуден өткен бетел ғимараттарында экскурсиялар қайта жанданды

Жақында Колумбиядағы бетел ғимараттарындағы ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталған еді. Бұл жоба 2019 жылдың ақпанында басталып, 2023 жылдың наурызында аяқталды. Құрылысқа 200-ден астам бауырлас, оның ішінде Австралия, Канада, Чили, Доминика Республикасы, Англия мен Құрама Штаттардан келген ерікті қызметшілер қатысты.

Анасы мен ұлы Бетелде экскурсияда жүр

2023 жылдың 1 маусымынан бастап келушілер алғаш рет экскурсияға қатыса алды. COVID-19 пандемиясы кезінде шомылдыру рәсімінен өткен Джон Родригез бауырлас ешқашан Бетелде болып көрмеген екен. Ол былай деп бөлісті: “Мұнда атқарылған жұмыстар Ехобаның қаншалықты ұлы Құдай екенін, адамдарды қатты жақсы көретінін көрсетеді. Осындай керемет ұйымда болғаныма ризамын, бұл мен үшін үлкен бақыт!” Басқа бір ер бауырлас былай деген еді: “Бауырластардың соңғы үлгідегі технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолданғаны мені таңғалдырды. Бұл Ехобаның ұйымы бір орында тұрмай, үнемі алға жылжып отыратынын дәлелдейді”.

Колумбиядағы Багота қаласынан солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым жерде орналасқан филиал Боливия мен Колумбиядағы теократиялық ісімізге басшылық етеді. Сондай-ақ филиал Колумбия, Эквадор, Перу және Венесуэла елдеріндегі бауырластарға әдебиеттер басып шығарады. Құрылыс кезінде, жалпы алғанда, 350-ден астам бөлмелер мен кеңселер өзгертіліп, 156 жаңа кеңселер соғылды. Бұған қоса, сабақтар өтетін жаңа сыныптар мен конференция өткізетін бөлмелер соғылды, экскурсия өтетін жерлер де кеңейтілді.

Бетелдегі 420 орындықтан тұратын зал. Екінші суретте бауырластар залды қалай жөндегені көрсетілген

Құрылыс комитетінің үйлестірушісі Тайт Булайс бауырлас былай деп бөлісті: “COVID-19 пандемиясына қарамастан Ехоба ісімізге батасын берді. Пандемияның кесірінен құрылысшылардың саны қысқартылған еді. Бірақ соған қарамастан ерікті қызметшілер тәжірибелері аз болса да, тіпті кейбірінің құрылыстан мүлдем хабары болмаса да, өздеріне берілген жұмыстарды қуана атқарды. Ежелдегі Құдайдың адал қызметшілері секілді олар да Ехобаның киелі рухының көмегімен қысқа уақыттың ішінде өз істерінің шебері болды”.

Осы жөндеуден өткен жаңа Бетел ғимараттары бауырластарымыздың, Киелі кітапты енді зерттеп жүрген адамдардың игілігіне асатынына сенімдіміз (Елшілердің істері 1:8).