Мазмұнға өту

20 НАУРЫЗ, 2019
ТҮРІКМЕНСТАН

Бахрам Хемдемов босатылды

Бахрам Хемдемов босатылды

Түрікменстандағы Сейди қаласында 4 жыл бойы түрмеде отырған 55 жастағы Хемдемов Бахрам 2019 жылы 13 ақпанда бостандыққа шықты. Ол әйелі Гульзирамен және 4 баласымен қайта қауышты. Хемдемов мырза 2015 жылдың 14 наурызында Түрікменабат қаласының шет жағындағы үйінде бейбіт діни жиын өткізгеніне бола қамауға алынды. Ал 2015 жылдың 19 мамырында Лебап облыстық соты оны айыпты деп тапты. Хемдемов мырза қамауда отырған уақытта Түрікменстан үкіметі жыл сайын шамамен үш рет қамаудағы тұтқындарға кешірім (амнистия) жасаған. Кешірімге ие болғандардың ішінде тіпті кісі өлтіргені үшін сотталғандар болса да, Хемдемов мырза елеусіз қалып отырған. 2016 жылдың 15 тамызында Хемдемов мырза БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданғанмен, оның өтініші әлі қарастырылмады. Түрікменстан үкіметі ар-ожданына байланысты әскерге бармаған жас Ехоба куәгерлерін қуғындап, түрмеге жапқаны үшін жоғарыдағы комитет Түрікменстанға қарсы 10 шешім шығарған. Соған қарамастан 11 Ехоба куәгері әлі де қамауда отыр.