Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлерінде садақаға оннан бір бөлігін беру парызы бар ма?

Ехоба куәгерлерінде садақаға оннан бір бөлігін беру парызы бар ма?

 Ехоба куәгерлерінде садақаға оннан бір бөлігін беру парызы жоқ. Біздің іс-шараларымыз ерікті садақамен қаржыландырылады. Ал оннан бірін беру деген не және неге Ехоба куәгерлері бұлай етпейді?

 Мал-мүліктің оннан бірін беріп отыру ежелде Исраил халқына берілген Мұса заңындағы бұйрықтардың біреуі болған. Алайда Киелі кітапта бүгіндегі Құдайдың қызметшілеріне Мұса заңын ұстанудың қажеті жоқ екені жазылған (Еврейлерге 7:5, 18; Қолостықтарға 2:13, 14).

 Бүгінде Ехоба куәгерлері І ғасырдағы қызметшілерді үлгі етіп, дүниежүзілік ағарту ісіне келесідей екі жолмен қолдау көрсетеді: біріншісі — ақысыз уағыздау мен тәлім беру, екіншісі — ерікті садақа беру.

 Осылайша олар Киелі кітапта жазылған мына бір нұсқауды орындайды: “Әркім жүрек шешіміне қарай, еш қиналмай, зорлықсыз берсін, себебі Құдай қуанышпен беретіндерді жақсы көреді” (Қорынттықтарға 2-хат 9:7).