Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері кейбір фильмдерге, кітаптарға не әндерге тыйым сала ма?

Ехоба куәгерлері кейбір фильмдерге, кітаптарға не әндерге тыйым сала ма?

Жоқ. Біздің ұйым нақты қандай фильмдерден, кітаптар не әндерден аулақ болу керектігін кесіп айтпайды. Неге?

Киелі жазба әр адам жақсы мен жаманды ажырата білуі үшін, “түйсіну қабілетін машықтандыруға” талпындырады (Еврейлерге 5:14)

Киелі жазбада көңіл көтеру түрін салмақтап-саралауға қатысты негізгі принциптер жазылған a. Өміріміздің барлық саласындағыдай, көңіл көтеруге қатысты біздің мақсатымыз — “Иемізге не ұнайтынына әрдайым көз жеткізіп” алу (Ефестіктерге 5:10).

Киелі жазбада айтылғандай, отбасы отағасының белгілі бір дәрежеде билігі бар, сондықтан ол үй ішіндегілерінің қандай да бір көңіл көтеру түрінен бас тартқаны жөн деп ұйғаруы мүмкін (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Ефестіктерге 6:1—4). Ал басқа жағдайларда Куәгерлердің белгілі бір фильмдерді көруіне, әндерді тыңдауына, кітаптарды оқуына болмайды деп, тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ (Ғалаттықтарға 6:5).

a Мысалы, Киелі жазбада, сиқыршылыққа, әдепсіз жыныстық қатынасқа немесе зорлық-зомбылыққа итермелейтін кез келген нәрсе айыпталады (Заңды қайталау 18:10—13; Ефестіктерге 5:3; Қолостықтарға 3:8).