Мазмұнға өту

Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамы деген не?

Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамы деген не?

Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамы (Пенсильвания) дегеніміз — 1884 жылы Пенсильвания (АҚШ) бірлестігінің заңына негізделіп құрылған бейкоммерциялық корпорация. Ехоба куәгерлері бұл корпорацияны өздерінің дүниежүзілік ісін алға жылжыту үшін, соның ішінде Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттерді басып шығару үшін қолданады.

Жарғыға сай, корпорацияның мақсаты — “дін, білім беру және қайырымдылық іс-шаралары”, әсіресе “Иса Мәсіх басқарған Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздау мен тәлім беру”. Тек арнайы шақырылғандар ғана корпорацияның мүшесі бола алады, бұл оның қанша садақа жасағанына байланысты емес. Корпорация мүшелері мен жетекшілері Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесіне көмек көрсетеді.

Заңды тұлғалармен қызметтесу

Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамынан (Пенсильвания) бөлек, Ехоба куәгерлері түрлі елдерде көптеген заңды тұлғаларды қолданады. Олардың кейбірінің атауында “Watch Tower”, “Watchtower” деген сөз немесе оның аудармасы кездеседі.

Осындай түрлі заңды тұлғалар құрылғалы бері келесі істерді атқаруға мүмкіндік берді:

  • Жазу және басып шығару. Біз шамамен 220 миллион Киелі кітапты және оған негізделген әдебиеттердің 40 миллиардқа жуық данасын басып шығардық. Біздің басылымдар 900-ден аса тілде қолжетімді. Ал jw.org сайтымыз адамдарға Киелі кітапты 160-тан астам тілде ақысыз онлайн оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар сол сайттан “Құдай Патшалығы деген не?” деген сияқты Киелі кітаппен байланысты сұрақтарға жауап ала алады.

  • Білім беру. Киелі кітаптан білім беру үшін біз әртүрлі мектептер өткіземіз. Мысалы, 1943 жылы Күзет мұнарасының Ғалақат Киелі кітап мектебі құрылды. Содан бері шамамен 9000 Ехоба куәгері қарқынды білім алып шықты. Бұл оларға миссионер болып қызмет етуге не біздің дүниежүзілік ісіміздің алға басуына қолдау көрсетуге көмектеседі. Сонымен қатар апта сайын миллиондаған адам, соның ішінде Ехоба куәгері емес адамдар да, қауым кездесулерінде тәлім алады. Сондай-ақ біз сауат ашу сабақтарын өткіземіз. Бұл үшін адамдарға оқу мен жазуды үйретуге көмектесетін 120 тілде арнайы оқулық басып шығардық.

  • Қайырымдылық іс-шаралары. Біз адамдардың кесірінен болған апаттан не табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетеміз. Мысалы, 1994 жылы Руандада жаппай кісі өлімі орын алғанда және 2010 жылы Гаитиде жерсілкінісі болғанда, өз көмегімізді ұсындық.

Біз корпорациялар мен заңды тұлғалардың арқасында көп іс атқардық. Бірақ біздің ісіміздің алға басуы оларға байланысты емес. Әр мәсіхшінің мойнында Құдай тапсырған ізгі хабарды уағыздау мен тәлім беру жауапкершілігі бар (Матай 24:14; 28:19, 20). Құдайдың қолдауымен ісіміздің алға басатынына біз сенімдіміз (Қорынттықтарға 1-хат 3:6, 7).