Мазмұнға өту

Иса пайғамбар тәндік денемен тірілді ме, әлде рух болып па?

Иса пайғамбар тәндік денемен тірілді ме, әлде рух болып па?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі кітапта Иса пайғамбардың “тәнінде өлтіріліп, рухани денемен тірілгені” айтылған (Петірдің 1-хаты 3:18; Елшілердің істері 13:34; Қорынттықтарға 1-хат 15:45; Қорынттықтарға 2-хат 5:16).

 Исаның өз аузынан шыққан сөздерінен оның ет пен сүйектен тұратын тәнмен тірілмегенін түсінуге болады. Ол былай деген: “Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін” (Жохан 6:51, “Жаңа өмір” баспасының аудармасы; Матай 20:28). Егер ол қайта тірілгенде өз денесін қайтадан алып қойса, оның адамзат үшін төлем ретінде берген құрбандығы күшін жояр еді ғой. Алайда бұлай болуы мүмкін емес, себебі Киелі кітапта оның өз тәні мен қанын “біржола” құрбан еткені айтылған (Еврейлерге 9:11, 12).

Иса пайғамбар рухани денемен тірілген болса, шәкірттері оны қалай көрген?

  •  Рухани жаратылыстар адами кейіпте көріне алады. Мысалы, ежелде адами кейіпті киген періштелер тіпті адамдармен бірге ішіп-жеген (Мұсаның 1-жазбасы 18:1—8; 19:1—3). Алайда олар рухани жаратылыстар болып қала берді, сондықтан физикалық әлемді тастап, рухани әлемге қайта орала алатын (Билер 13:15—21).

  •  Иса да қайта тірілгеннен кейін уақытша адам кейпін киген. Алайда рухани жаратылыс болғандықтан, ол әп-сәтте пайда болып, жоқ болып кететін қабілетке ие болған (Лұқа 24:31; Жохан 20:19, 26). Ол адамдарға әр жағдайда әртүрлі адами кейіпте көрінген. Сол себепті тіпті жақын достары оны тек сөйлеген сөзі мен іс-әрекетінен тани алған (Лұқа 24:30, 31, 35; Жохан 20:14—16; 21:6, 7).

  •  Иса пайғамбар Тома есімді елшісіне жарақаттары бар денеде көрінген. Тома Исаның қайта тірілгеніне күмәнданғандықтан, Иса оның сенімін нығайту үшін осылай етті (Жохан 20:24—29).