Мазмұнға өту

Әулиелерге дұға ету керек пе?

Әулиелерге дұға ету керек пе?

Киелі кітаптың жауабы

 Жоқ. Киелі кітапта Иса арқылы тек Құдайға ғана дұға етуіміз керектігі жазылған. Иса пайғамбар шәкірттеріне былай деген: “Сондықтан мына іспетті дұға етіңдер: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі болсын!” (Матай 6:9). Ол ешқашан әулиелерге, періштелерге немесе Құдайдан басқа біреуге дұға етуді үйретпеген.

 Сондай-ақ ол ізбасарларына былай деген: “Жол, шындық және өмір — менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды” (Жохан 14:6). Құдай мен адамдардың арасында дәнекер болуға Құдай тек Иса пайғамбарды ғана таңдаған (Еврейлерге 7:25).

Құдайға да, әулиелерге де бірдей дұға етуге бола ма?

 Бірде Шайтан азғырғанда Иса пайғамбар оған: “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп, тек соған ғана қызмет ет!”— деп айтқан (Матай 4:10). Құдай жалғыз оған ғана сиынғанымызды, оған ғана дұға еткенімізді қалайды. Ал өзіне сиынатындардан ол қалтқысыз берілуді талап етеді (Ишая 48:11).

 Егер біз Құдайдан басқа біреуге, әулиеге болсын, періштеге болсын сиынсақ, онда Құдайды қорлаймыз. Елші Жохан періштеге табынбақ болғанда, періште оны тоқтатып, былай деді: “Олай етпе! Мен небәрі өзің және Иса туралы куәлік ісін атқарып жүрген бауырластарың сияқты құлмын. Құдайға ғибадат ет!” (Аян 19:10).