Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер

3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер

КИЕЛІ КІТАПТА... “Біздікіндей сезім бар болған” адал ер мен әйелдердің оқиғалары бар (ЖАҚЫП 5:17).

Сөздердің мәні

Киелі кітапта сезімдердің сан алуан түрлерін өткерген ер мен әйелдердің мысалдары жетіп артылады. Олар жайлы оқығанда, арасынан жанымыз егіз болған біреуді тауып алатын шығармыз.

Пайдасы

Біз басқалар жанымызды ұқса екен дейміз. Ал психикалық денсаулықтары сыр берген адамдар болса, бұған екі есе мұқтаж. Киелі кітапта шын адамдардың өмірін оқыған кезде, ой-сезімдері біздікіндей адамдарды кезіктіретін шығармыз. Сонда жанымыз тынышталып, осы күресте жалғыз емес екенімізді түсінеміз. Бізге дейін де бұндай адамдар болған екен.

  • Киелі кітапта әл-дәрмені құрыған көптеген адамдардың күйініші жазылған. “Болды, біткен жерім осы” деп налыған кезіңіз болған ба? Мұса пайғамбарда болған, Ілияс пайғамбар мен Дәуіт патшада да (Мұсаның 4-жазбасы 11:14; Патшалар 1-жазба 19:4; Зәбүр 55:4).

  • Киелі кітапта жүрегі қарс айырылған Ханна есімді әйел туралы да айтылады. Оны осындай күйге түсірген — оның бедеулігі және күндес әйелдің соны бетіне салық қылғаны (Самуилдің 1-жазбасы 1:6, 10).

  • Киелі кітаптағы Әйүп пайғамбардың күйін де біз кейде түсінетін шығармыз. Аузынан Құдайын тастамаса да, ол өмірде үлкен соққы көрді. Сондықтан бірде ол: “Өмірден жиренемін, бұдан әрі тірі жүргім келмейді”,— деген (Әйүп 7:16).

Осы кейіпкерлердің жағымсыз ойларымен қалай күрескені жайлы оқып-білсек, бізге де өз ауруымызбен күресу жеңіл болады.