Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН

2. Қаражатты ақылмен жұмсаңыз

2. Қаражатты ақылмен жұмсаңыз

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Бүгінде нан тауып, жан бағудың өзі көп адам үшін қиынға соғады. Ал әлемде болып жатқан ауыр жағдайлар күнкөрісті одан бетер қиындатып жібереді. Өйткені:

  • Аласапыранда барлығы қымбаттап, соның ішінде тамақ пен баспананың бағалары ұша бастайды.

  • Дағдарыстың кесірінен жұмыссыздық көбейіп, жалақы тым мардымсыз болып кетуі мүмкін.

  • Табиғи апаттар адамдарды бүкіл кәсібінен, үйі мен басқа да мүлкінен айырып, бір күннің ішінде-ақ жоқшылыққа ұшыратуы мүмкін.

Нені ескерген жөн?

  • Ақшаны ақылмен жұмсай білсеңіз, дағдарыста жан сақтау жеңілірек болады.

  • Мүлкіміз не жинаған қаржымыз бізге кепілдік бере алмайды, себебі олар бір пәсте-ақ құнсызданып кетуі мүмкін.

  • Ақшамен өлшенбейтін нәрселер де бар екенін ұмытпаңыз, мысалы, бақыт пен отбасындағы ынтымақ.

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Киелі жазбаларда: “Ішер ас, киер киім және баспана болса, соны қанағат етейік”,— делінген (Тімөтеге 1-хат 6:8).

Қанағат ету қалауымызды шектеп, қажетіміздің барына шүкір, жоққа сабыр етуді білдіреді. Әсіресе, күніміз тиын-тебенге қарап қалғанда осылай еткен маңызды.

Бәлкім, бұрынғыша емес, қарапайымдау өмір сүру керек болар. Өйткені кірістен шығыс көп болып кетсе, өз жағдайыңызды өзіңіз қиындатып алуыңыз мүмкін.