Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ғалилеядағы Бирия орманы

Сіз білгенсіз бе?

Сіз білгенсіз бе?

Ежелгі Исраил елі Киелі кітапта жазылғандай, орманды болған ба?

КИЕЛІ КІТАПТА Уәде етілген жердің кейбір аумағы ну орманды жер болғаны жазылған (Пат. 1-ж. 10:27; Ешуа 17:15, 18). Алайда скептиктер бүгінде елдің біраз жерінде орманның жоқтығына қарап, ертеде Исраилдің орманды болғанына күмән келтіруі мүмкін.

Сикомор ағашының жемісі

Ежелгі Исраил жөніндегі бір кітапта жазылған мәліметке сай, бұрынғы кездерде елде орман әлдеқайда көп болған (“Life in Biblical Israel”). Қыраттарда қаулап өсетін ағаштар арасында Алеппо самырсыны (Pinus halepensis), мәңгі жасыл емен (Quercus calliprinos) және терпинтин ағашы (Pistacia palaestinа) басым болған. Ал Шефелада, яғни орталық тау жотасы мен Жерорта теңізінің жағалауының арасындағы қыраттарды қамтитын аймақта, сикомор ағашы (Ficus sycomorus) да көптеп өсетін.

Киелі кітапта аты аталған өсімдіктер туралы бір кітапта бүгінгі таңда Исраилдің кей жерлерінде мүлдем ағаш қалмағаны жазылған (“Plants of the Bible”). Бұның себебі неде? Аталмыш кітапта бұндай жағдайдың бірте-бірте орын алғаны түсіндірілген. Онда: “Адамдар жабайы ағаштарды жоюын тоқтатар емес. Олар мұны негізінен фермалары мен жайылымдарын кеңейту үшін істейді. Сондай-ақ ағаштар құрылыс жұмыстары мен отын қылу үшін де кесіледі”,— делінген.