Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

 НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТА ҚАНДАЙ ХАБАР ЖАЗЫЛҒАН?

Күллі адамзат үшін ізгі хабар

Күллі адамзат үшін ізгі хабар

Иса пайғамбардың қайта тірілгені оның шәкірттеріне сенімділік беріп, құлшыныстарын арттырды. Мысалы, елші Пауыл бүкіл Кіші Азияда және Жерорта теңізінің аймағында қауымдар құрған және Құдайдың қызметшілерін құлықтылық жағынан қысымға және қатты қудалауға кезіккенде берік болып қалуға талпындырған. Бірақ мұндай қиындықтарға қарамастан қауымдар өсіп, өркендей берген болатын.

Кейіннен Пауылдың өзі де түрмеге жабылған еді. Бірақ түрмеде отырса да, ол қауымдағы Құдайдың қызметшілерін жігерлендіру үшін әрі кеңес беру үшін оларға хат жазған. Пауыл оларды үлкен қауіп, яғни жолдан таюшылық жайлы ескерткен болатын. Құдай рухының жетелеуімен Пауыл олардың араларына “қасқырлар кіріп,.. шәкірттерді өздерімен әкету үшін жалған ілімдерді үйрететіндерін” айтқан (Елшілердің істері 20:29, 30).

Бірінші ғасырдың аяғына таман жолдан таюшылар пайда бола бастады. Қайта тірілген Иса шамамен осы уақытта Жохан деген шәкіртіне аян берді, яғни болашақта орын алатын жайттарды бейнелі түрде көрсетті. Жохан Құдайдың жер мен адамзатқа қатысты бастапқы ниетін орындауына жолдан таюшылар да, жалған ұстаздар да кедергі жасай алмайтынын жазды. Ол “әрбір ұлт, ру, тіл және халық” Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды еститінін көрді (Аян 14:6). Иә, жер бетінде қайтадан жұмақ орнайды және Құдайдың еркін орындауды қалайтын кез келген адам оның тұрғыны бола алады!

Мұның “ізгі хабар” екенімен келісетін шығарсыз. Олай болса, Киелі кітаптағы Құдайдың хабары туралы және сол хабардың сіз үшін бүгінде әрі болашақта тигізер пайдасы жайлы көбірек біліңіз.

Сіз Киелі кітапты www.mt711.com веб-сайтынан онлайн оқи аласыз. Бұл сайттан “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” және “Құдайдан келген қуанышты хабар” деп аталатын кітапшаларды да оқи аласыз. Сонымен қатар “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” деген кітапта және басқа да әдебиеттерде Киелі кітапқа неліктен сенім артуға болатыны және ондағы пайдалы кеңестерді отбасымызда және жеке өмірімізде қалай қолдана алатынымыз жайлы жазылған. Ал басқа да мәлімет алғыңыз келсе, Ехоба куәгерлерінің біріне жолықсаңыз болады.

Ефестіктерге, Філіпіліктерге, Қолостықтарға, Філимонға арналған хатқа, Жоханның 1-хатына және Елшілердің істері мен Аян кітабына негізделген.