Елшілердің істері 5:1—42

  • Анани мен Зәпира (1—11)

  • Елшілердің көптеген белгілер көрсетуі (12—16)

  • Тұтқындалу мен босатылу (17—21а)

  • Тағы да Жоғарғы кеңестің алдына апарылу (21ә—32)

    • “Адамға емес, Құдайға мойынсұнуымыз керек” (29)

  • Гамалиелдің кеңесі (33—40)

  • Үйден үйге уағыздау (41, 42)

5  Анани есімді бір кісі әйелі Зәпирамен бірге меншігіндегі жерін сатып,  түскен ақшаның бір бөлігін жасырып қойды. Әйелі де мұны білді. Анани қалған ақшаны елшілерге әкеліп бергенде+,  Петір оған былай деді: “Анани, неге Шайтанның ықпалына берілдің? Танапты сатқаннан түскен ақшаның бір бөлігін жасырып, киелі рухқа неге өтірік+ айттың+?  Бұл танап сенікі болатын, сондықтан одан түскен ақшаны қалай қолдансаң да, өз еркіңде емес пе еді? Мұндай зұлым іске бару қалай ғана ойыңа келді? Сен адамдарға емес, Құдайдың өзіне өтірік айттың”.  Осыны ести сала, Анани құлап түсіп, көз жұмды. Мұны естігендердің бәрі қатты қорықты.  Сонда жігіттер орындарынан тұрып, оны кебінге орады да, апарып жерледі.  Шамамен үш сағат өткен соң, болған жайттан бейхабар әйелі келді.  Петір одан: “Жерді сатқаннан түскен бар ақша осы ма, айтшы?”— деп сұрады. “Иә, осы”,— деді ол.  Сонда Петір: “Екеуің келісіп, Ехобаның рухын неге алдамақ болдыңдар? Міне, күйеуіңді жерлегендер есік алдында тұр, олар сені де алып шығады”,— деді. 10  Сол сәтте әлгі әйел Петірдің алдына құлап түсіп, көз жұмды. Ішке кірген жігіттер әйелдің өліп қалғанын көрді. Сөйтіп, оны алып шығып, күйеуінің жанына қойды. 11  Бұл оқиғадан кейін бүкіл қауымды және осы жайлы естігендердің барлығын қатты үрей биледі. 12  Елшілер халық арасында көптеген белгілер мен кереметтер көрсетті+, сондай-ақ Сүлеймен бағаналары деп аталатын жерде+ бір кісідей жиналып жүрді. 13  Кейбіреулер оларға қосылуға қорыққанымен, жұрт оларды мадақтаумен болды. 14  Көптеген ерлер мен әйелдер Иемізге сеніп, шәкірттердің қатарына қосылып отырды+. 15  Петір жандарынан өткенде, ең болмағанда, көлеңкесі түссін деп, жұрт науқастарды зембілдер мен төсеніштерге жатқызып, үлкен көшелердің бойына әкелді+. 16  Иерусалимнің маңайындағы қалалардан да жұрт ағылып, ауру және жын қинаған адамдарды әкеліп жатты. Солардың біреуі де шет қалмай сауығып кетті. 17  Алайда бас діни қызметкер мен оның қасындағы саддукейлер сектасының мүшелері қызғанышқа булығып, қарсы көтерілді. 18  Олар елшілерді тұтқындап, қаладағы түрмеге қамады+. 19  Алайда түн ортасында Ехобаның періштесі түрме есіктерін ашып+, оларды тысқа шығарды да: 20  “Ғибадатханаға барып, халыққа мәңгілік өмір жайлы айтуды жалғастыра беріңдер”,— деді. 21  Содан олар таң ата ғибадатханаға кіріп, тәлім бере бастады. Сол уақытта бас діни қызметкер мен оның қасындағылар Жоғарғы кеңесті және Исраилдің бүкіл ақсақалдар қауымын жинады. Сосын қамауда жатқан елшілерді алып келуге сақшыларды жіберді. 22  Алайда олар елшілерді таппай, қайта оралды да, былай деп есеп берді: 23  “Түрме қақпалары мықтап жабылған, аузында сақшылар тұр. Бірақ ішінен ешкімді таппадық”. 24  Жоғарғы діни қызметкерлер мен ғибадатхананың бас сақшысы осыны естігенде, енді не болар екен деп, абдырап қалды. 25  Сол кезде бір кісі келіп: “Сіздер түрмеге жапқан адамдар ғибадатханада тәлім беріп жүр!”— деп хабарлады. 26  Сонда бас сақшы қасына адамдарын ертіп, елшілерді алып келді. Бірақ оларға күш көрсетпеді, өйткені халық таспен ұрып өлтірер деп қорықты+. 27  Олар елшілерді Жоғарғы кеңестің алдына әкелді. Бас діни қызметкер елшілерді тергеп, 28  былай деді: “Біз сендерге бұл кісінің атынан тәлім бермеңдер деп қатаң ескерткен едік қой+! Ал сендер тәлімдеріңді бүкіл Иерусалимге тараттыңдар, әрі бұл кісінің қанын біздің мойнымызға артпақсыңдар+!” 29  Бұған Петір мен өзге елшілер былай деп жауап қатты: “Билеуші ретінде бірінші кезекте адамға емес, Құдайға мойынсұнуымыз керек+. 30  Ата-бабаларымыздың Құдайы өздерің бөренеге іліп өлтірген Исаны қайта тірілтті+. 31  Құдай оның мәртебесін көтеріп, оң жағына отырғызды+ да, Бас жетекші*+ әрі Құтқарушы+ етті. Осылайша Исраил күнәларына өкініп, кешірімге ие бола алады+. 32  Бұларға өзіміз де, Құдай өзіне билеуші ретінде мойынсұнатындарға берген киелі рух+ та куә+”. 33  Мұны естігенде, олар ашуға мініп, елшілерді өлтіргісі келді. 34  Сонда ел құрметіне бөленген Заң* мұғалімі, Гамалиел+ есімді парызшыл*, Жоғарғы кеңесте орнынан тұрып, елшілерді сыртқа шығара тұруды бұйырды. 35  Сосын былай деді: “Исраилдіктер, бұл кісілерге не істегелі жатқандарың туралы жақсылап ойланғандарың жөн. 36  Осыдан біраз уақыт бұрын Теуда деген кісі шығып, өзін пайғамбармын деп жариялады. Оған 400-ге жуық адам қосылған еді. Бірақ оны өлтіріп кетті, ал соңынан ергендердің бәрі жан-жаққа бытырап, жоқ болды. 37  Бұдан кейін халық санағы кезінде ғалилеялық Яһуда деген тағы біреу шығып, жұртты еліктірді. Алайда оның көзі құрығанда, соңынан ергендердің барлығы тарап кетті. 38  Сонымен, сендерге айтарым, бұл адамдарды жайына қалдырыңдар. Өйткені бұл тәлім не іс адамдардікі болса, құрып кетеді, 39  ал Құдайдікі болса, мұны құрта алмайсыңдар+. Байқаңдар, Құдайдың өзіне қарсыласып жүрмеңдер+”. 40  Олар осы сөздерге құлақ асты. Содан елшілерді шақыртып, дүре соқтырды да+, бұдан былай Исаның атынан сөйлемеуді бұйырып, босатып жіберді. 41  Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер оның аты үшін қорлық көруге лайық саналғандарына қуанды+. 42  Олар күн сайын ғибадатханада, сондай-ақ үйден үйге жүріп+, Мәсіх Иса туралы ізгі хабарды жариялауды және тәлім беруді доғармады+.

Сілтемелер