Жоел 2:1—32

  • Ехобаның күні және оның күшті әскері (1—11)

  • Ехобаға қайтуға шақыру (12—17)

    • “Жүректеріңді жыртыңдар” (13)

  • Ехобаның халқына берген жауабы (18—32)

    • “Мен рухымды төгемін” (28)

    • Аспан мен жердегі белгілер (30)

    • Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады (32)

2  Сионда мүйіз керней тартыңдар+! Қасиетті тауымда атой салып айғайлаңдар. Елдің* барлық тұрғыны діріл қақсын,Өйткені Ехобаның күні келе жатыр+! Ол таяп қалды!   Сол күн — қараңғылық басып, түнерген күн+,Бұлт қаптап, қарауытқан күн+,Ол таудың басын ғана шалған таң шапағындай. Міне, бір халық келе жатыр, ол сансыз көп әрі күшті+. Мұндай халық бұрын ешқашан болмаған,Күллі келер ұрпақтардың заманында даБұл сияқты халық енді қайтып болмайды.   Олардың алдында — жалмаған от,Ал артында — лаулаған жалын+. Алдындағы ел Едем бағындай+ болса,Артынан қаңыраған шөл дала қалады,Еш нәрсе де одан қашып құтыла алмайды.   Олардың кейпі аттардың кейпіндей,Шабысы соғыс аттарының шабысындай+.   Шуылы тау-төбелерде жүйткіген арбалардікіндей+,Сабанды сатырлатып жалмаған оттікіндей. Олар соғысу үшін сап құрған күшті әскерге ұқсайды+.   Оларды көрген халықтар азапқа түседі. Абыржығаннан бәрінің жүзі қып-қызыл болады.   Олар мықты жауынгерлердей шабуылдайды,Сарбаздардай қабырғаға өрмелейді,Әрқайсысы алған бағытынан таймайды,Өз жолынан ауытқымайды.   Олар бір-бірімен қақтығыспайды,Әрбірі өз жолымен алға басады. Кейбірі жау қаруынан құласа да,Өзгелері сапты бұзбай, кете береді.   Қалаға лап қойып, қабырғаға жүгіріп шығады. Үйлерге өрмелеп, ұры іспетті терезеден кіреді. 10  Олардың алдында жер дірілдеп, аспан шайқалады. Күн мен айды қараңғылық басады+,Жұлдыздар да жарқырамайды. 11  Ехоба өз әскерінің+ алдында дауыстайды, оның қосы сансыз көп+. Сөзін орындайтын ол аса құдіретті. Ехобаның күні ұлы да ғаламат+. Кім оған шыдай алады+? 12  Әлі де болса шын жүректен маған қайтыңдар,— дейді Ехоба+,—Ораза ұстап+, жылап, зар еңіреңдер. 13  Киімдеріңнің өңірін емес+, жүректеріңді жыртыңдар+,Құдайларың Ехобаға қайта оралыңдар. Өйткені ол жанашыр да мейірімді, ашуға баяу+, айнымас сүйіспеншілігі мол+. Апат жіберемін деген райынан қайтады. 14  Кім біледі, бәлкім, ол райынан қайтып, аяушылық танытар+,Сөйтіп, сендерді жарылқар,Сонда Құдайларың Ехобаға астық пен сұйық тарту ұсына аларсыңдар. 15  Сионда мүйіз керней тартыңдар! Ораза жариялап, қасиетті жиын өткізіңдер+. 16  Халықты жинап, қауымды қасиетті етіңдер+. Қарияларды*, балалар мен емшектегі нәрестелерді жинаңдар+. Күйеужігіт ішкі бөлмесінен, қалыңдық та өз бөлмесінен шықсын. 17  Кіреберіс пен құрбандық ошағының арасында тұрып+,Діни қызметкерлер, Ехобаның қызметшілері, жылап былай десін: “Уа, Ехоба, өз халқыңды аяй көр,Басқа халықтардың өз меншігіңе билік етіп,Оны табалауына жол бере көрме. Әйтпесе халықтар: —Бұлардың Құдайы қайда?— деп жүрер+”. 18  Сонда Ехоба өз жерін қызғыштай қорғап,Халқына жанашырлық танытады+. 19  Ехоба халқына жауап беріп, былай дейді: “Мен сендерге астық, жаңа шарап пен зәйтүн майын беремін. Сонда сендер барынша тойынасыңдар+. Енді қайтып сендерді халықтарға қорлатып қоймаймын+. 20  Солтүстіктен келгенді қастарыңнан алысқа қуамын,Оны кеуіп қалған, қаңырап, қуаң тартқан жерге,Алғы шептегілерін шығыстағы теңіз* жаққа,Артындағыларын батыстағы теңіз* жаққа бытыратамын. Одан сасық иіс шығады,Жағымсыз иіс мүңкіп тұрады+. Себебі Құдай ғаламат істер жасайды”. 21  Уа, жер, қорықпа! Қуанып, шаттан, өйткені Ехоба ғаламат істер жасайды. 22  Дала аңдары, қорықпаңдар! Даладағы жайылымдар көгереді+,Ағаштар жеміс береді+,Інжір мен жүзім мол өнім әкеледі+. 23  Сионның ұлдары, Ехоба Құдайларыңа қуанып, шаттаныңдар+! Ол сендерге керегінше күзгі жауын жібереді. Бұрынғы кездегідей нөсер беріп,Күзгі және көктемгі жауынды жауғызады+. 24  Қырмандар таза астыққа толып,Астауларыңда сығылған жаңа шарап пен зәйтүн майы ағыл-тегіл мол болады+. 25  Мен сендерге жіберген ұлы әскер: Құжынаған шегіртке мен қанатсыз шегіртке, Обыр шегіртке мен жалмайтын шегіртке жеп кеткен өнімнің+,Сол жылдары келтірілген залалдың, орнын толтырамын. 26  Сендер міндетті түрде тойына жейсіңдер+. Ехоба Құдайларыңның есімін мадақтайсыңдар+,Ол сендер үшін керемет істер жасады. Менің халқым бұдан былай ұятқа қалмайды+. 27  Сендер менің Исраилдің арасында екенімді+,Құдайларың Ехоба екенімді+, менен өзге құдай жоқ екенін білетін боласыңдар. Менің халқым бұдан былай ұятқа қалмайды. 28  Сосын мен әрбір адамға рухымды төгемін+,Сонда ұл-қыздарың пайғамбарлық етеді,Қарияларың түс көреді,Жас жігіттерің аян алады+. 29  Сол күндері тіптіқұл-күңдеріме де рухымды төгемін. 30  Аспан мен жерде белгілер* көрсетемін. Бұлар — қан, от және түтін бағаналары+. 31  Ехобаның ұлы да ғаламат күні келмес бұрын+,Күн түнекке, ай қанға айналады+. 32  Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады+. Ехоба айтқандай, Сион тауы мен Иерусалимде аман қалғандар болады+,Олар Ехоба шақырғандықтан аман қалады.

Сілтемелер

Немесе “жердің”.
Немесе “ақсақалдарды”.
Яғни Өлі теңіз.
Яғни Жерорта теңізі.
Немесе “ғажайыптар”.