Матай 10:1—42

  • Он екі елші (1—4)

  • Уағызға қатысты нұсқаулар (5—15)

  • Шәкірттер қудаланатын болады (16—25)

  • Адамнан емес, Құдайдан қорқу керек (26—31)

  • Татулық емес, семсер әкелдім (32—39)

  • Исаның шәкірттерін қабылдау (40—42)

10  Сосын Иса 12 шәкіртін шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын және түрлі ауру-сырқауларды сауықтыратын билік берді+.  Сол 12 елшінің есімдері мынадай+: Петір* деп аталған Шимон+, оның бауыры Әндір+, Зебедей ұлдары Жақып+ пен Жохан,  Філіп пен Барталамай*+, Тома+ және салықшы Матай*+, Әлпей ұлы Жақып және Тадей*,  Кананей* Шимон және кейінірек Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот+.  Иса осы 12 елшісін уағыздауға жіберіп жатып, мынадай нұсқау берді+: “Басқа ұлттардың жеріне бармаңдар, самариялықтардың ешбір қаласына кірмеңдер+,  тек Исраил үйінің жоғалған қойларына барыңдар+.  Жол-жөнекей “Көк Патшалығы* таяп қалды!” деп уағыздаңдар+.  Ауруларды сауықтырып+, өлгендерді қайта тірілтіп, алапестерді тазартыңдар және жындарды қуып шығарыңдар. Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер.  Бел қалталарыңа алтын, күміс не мыс ақша салмаңдар+, 10  жолға тамақ салатын дорба да, қосымша* киім де, сандал да, таяқ та алмаңдар+, өйткені еңбек еткен адам ішіп-жеуге лайық+. 11  Қай қалаға, қай ауылға кірсеңдер де, өздеріңді және әкелген хабарларыңды қабылдауға лайық адамды іздеп тауып, қайта жолға шыққанша, сонда қалыңдар+. 12  Үйге кіргенде, ондағылармен амандасып, татулық тілеңдер. 13  Егер сол үй лайық болса, оған тілегендерің орындалсын+, ал лайық болмаса, өздеріңе қайтсын. 14  Кім сендерді қабылдамаса не айтқандарыңды тыңдамаса, сол үйден немесе қаладан шығарда аяқтарыңдағы шаңды қағып тастаңдар*+. 15  Сендерге шындығын айтамын, Сот күні сол қаланың жазасынан гөрі Содом мен Ғомора елінің жазасы+ жеңілірек болады. 16  Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлардай жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай сақ, көгершіндей ақпейіл болыңдар+. 17  Адамдардан абай болып жүріңдер, себебі олар сендерді жергілікті соттарға ұстап береді+ және мәжілісханаларында+ дүре соғады+. 18  Менің шәкіртім болғандарың үшін сендерді билеушілер мен патшалардың алдына сүйреп апарады+. Сонда оларға да, басқа ұлттарға да куәлік ете аласыңдар+. 19  Ал сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап, уайымдамаңдар. Өйткені не айтуларың керектігі сол сәтте беріледі+. 20  Осылай өздерің ғана емес, сендер арқылы Әкелеріңнің киелі рухы сөйлейді+. 21  Бауыры өз бауырын, әкесі баласын өлімге душар етеді, ал балалары ата-анасына қарсы шығып, оларды өлімге душар етеді+. 22  Менің атыма бола жұрттың бәрі сендерді жек көретін болады+. Бірақ соңына дейін табандылық танытқан адам құтқарылады+. 23  Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар+. Сендерге шындығын айтамын, Адам Ұлы келгенше, Исраилдің барлық қалаларын аралап үлгермейсіңдер. 24  Шәкірті ұстазынан, құлы қожайынынан жоғары емес+. 25  Шәкірті өз ұстазына, ал құл өз қожайынына ұқсаса, соны қанағат тұтады+. Жұрт үй иесін Белзебүл*+ деп атаса, оның үй ішін де солай атайды емес пе?! 26  Сондықтан олардан қорықпаңдар. Себебі жасырын нәрсенің бәрі ашылады, ал құпия нәрсенің бәрі аян болады+. 27  Сендерге қараңғыда айтқандарымды жарықта айтыңдар, сыбырлап айтқандарымды үй төбесінен жариялаңдар+. 28  Тәнді өлтірсе де, жанды* өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар+. Қайта, жанды да, тәнді де жаһаннамда* құрта алатын Құдайдан қорқыңдар+. 29  Екі торғай бір тиынға* сатылады емес пе? Десе де олардың бірде-біреуінің құлағаны көктегі Әкелеріңнің назарынан тыс қалмайды+. 30  Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да оған белгілі! 31  Сондықтан қорықпаңдар, сендер көп торғайдан әлдеқайда қымбатсыңдар+! 32  Мені адамдар алдында мойындаған әркімді+ мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын+. 33  Ал адамдар алдында менен танған әркімнен көктегі Әкемнің алдында мен де танамын+. 34  Мені жер бетіне татулық әкелуге келді деп ойламаңдар. Мен татулық емес, семсер әкелуге келдім+. 35  Өйткені мен ұлын әкесінен, қызын шешесінен, ал келінін енесінен ажыратуға келдім+. 36  Иә, адамға өз үй ішіндегілері дұшпан болады. 37  Кімде-кім әкесін не шешесін менен артық көрсе, сол шәкіртім болуға лайық емес; ұлын не қызын менен артық көрген адам да шәкіртім болуға лайық емес+. 38  Сондай-ақ кім азап бағанасын* алып, соңымнан ермесе, сол шәкіртім болуға лайық емес+. 39  Жанын сақтап қалғысы келетін адам одан айырылады, ал кім мен үшін жанынан айырылса, оны сақтап қалады+. 40  Кімде-кім сендерді қабылдаса, мені де қабылдағаны. Ал мені қабылдаған адамның мені жібергенді де қабылдағаны+. 41  Әлдебіреуді пайғамбар болғаны үшін қабылдаған адам пайғамбар алатын сыйға ие болады+, ал әлдебіреуді әділ болғаны үшін қабылдаған адам әділ кісі алатын сыйға ие болады. 42  Кімде-кім осы кішілердің біреуіне менің шәкіртім болғаны үшін, ең болмағанда, бір тостаған салқын су берсе, сендерге шындығын айтамын, ол міндетті түрде өз сыйын алады+”.

Сілтемелер

Осы тармақта: “Петір деп аталған Шимон”, Мт 16:16-да: “Шимон Петір”, Е.і 15:14-те: “Шимеон”, Жх 1:42-де: “Кефа”. Бірақ көп жағдайда Мт 14:28-дегідей “Петір”.
Натанайыл деп те аталады (Жх 1:46; 21:2).
Леуі деген есіммен де белгілі (Лқ 5:27).
“Жақып ұлы Яһуда” деп те белгілі (Лқ 6:16; Жх 14:22; Е.і 1:13).
Немесе “құлшынған”.
Немесе “Құдай Патшалығы”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “екі”.
Аяқтың шаңын қағу адамның өз мойнынан жауапкершілікті алып тастауын білдіреді.
Жын-перілердің билеушісі Шайтанға қатысты қолданылған есім.
Немесе “өмірді”, яғни қайта өмір сүруге деген үмітті.
Сөзбе-сөз “ассарион”. Ә14 қосымшасын қараңыз.