Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ДЕГЕН КІМДЕР?

Ехоба куәгерлері қандай адамдар?

Ехоба куәгерлері қандай адамдар?

Біз басқа діндерден бөлініп шыққан ағым емеспіз, біз — халықаралық ұйымбыз. Бас басқармамыз Құрама Штаттарда орналасқанмен, Ехоба куәгерлерінің басым көпшілігі басқа елдерде тұрады. Шамамен сегіз миллионнан тұратын біздер 230-дан астам елде адамдарға Киелі кітаптан тәлім береміз *. Өйткені Иса пайғамбардың мына сөздеріне құлақ асамыз: “[Құдай Патшалығы] жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады” (Матай 24:14).

Қай елде тұрсақ та, біз адалдықпен мемлекет заңын орындаймыз. Әйтсе де саяси мәселелерге келгенде, бейтараптық сақтаймыз. Себебі Иса пайғамбардың ізбасарларына “осы дүниелік болмаңдар” деген бұйрығына мойынсұнамыз. Біз саяси мәселелерге және соғысты қолдайтын іс-шараларға қатыспаймыз (Жохан 15:19; 17:16). Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ехоба куәгерлері бейтараптықтан таймағандары үшін түрмеге қамалып, азапталып, тіпті өлімге де кесілді. Бұрын Германияда епископ болған бір кісі Ехоба куәгерлері жайлы былай деп жазды: “Үшінші Рейх [нацистік Германия] кезінде діни көзқарасына байланысты соғысқа қатысудан бас тартқандар негізінен солар еді”.

“[Ехоба куәгерлері] моральдық құндылықтарды берік ұстанады. Біз өзімшілдіктен ада мұндай адамдарды ең жоғарғы саяси қызметтерге сайлауымызға болар еді, бірақ оларды бұған ешқашан көндіре алмаспыз... Олар үкімет билігін мойындағанмен, адамзат проблемаларын тек Құдай Патшалығы ғана шеше алады деп сенеді” (“Nová Svoboda” газеті, Чех Республикасы).

Алайда біз басқалардан бөлектеніп өмір сүрмейміз. Иса пайғамбар өз ізбасарлары үшін Құдайға дұға еткенде, “оларды осы дүниеден алып кет” деп сұрамаған (Жохан 17:15). Сондықтан біз де ел қатарлы жұмыс істейміз, дүкен аралаймыз және оқу орындарында білім аламыз.

^ 3-абзац Қазақстанда 17 000-нан аса Ехоба куәгері бар.