Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ДОМИНИКА РЕСПУБЛИКАСЫ

Ол өмірдің мәнін тапты

Хосе Эстевес

Ол өмірдің мәнін тапты
  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1968

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1989

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Жасөспірім кезінде өмірімді жақсартамын деген оймен ауылдан қалаға көшіп кеткен. Сол жерде шындықты біліп, жылдар бойы Құдай Патшалығын басты орынға қойып келген.

САНТО-ДОМИНГО қаласына 11 жасында көшіп келген Хосе ақша табу үшін аяқ киім тазалап, апельсин мен тәтті мұздақтар сатып жүреді. Оны адамдар еңбекқор бала ретінде танитын. Бірде ағасы оны шақыртып, үйіне қарай тұруды сұрайды. Ол Ехоба куәгері болатын. Ағасының үйінде жүріп Хосе асүйдегі үстелдің үстінде жатқан “Сен жер бетінде жұмақта мәңгі өмір сүре аласың” деген кітапты көреді. Кітапты түні бойы көз ілмей оқыған соң, өмірдің мәнін тапқанын түсінеді.

Келесі аптада Хосе жақын маңдағы Патшалық сарайына барып, өзін Ехоба куәгерімін деп таныстырады. Ол бауырластарға: “Мен жиналысқа барып, ізгі хабарды уағыздауым керек екенін білдім”,— дейді. Сондай-ақ “Мәңгі өмір сүре аласың” кітабынан мәсіхшілерге нендей істермен айналысуға болмайтыны жайлы білгенін және солардың ешқайсысын істемегенін айтады. Он бес күннен кейін Хосе шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болады, ал алты айдан кейін 21 жасында шомылдыру рәсімінен өтеді.

Хосе қауым кездесулеріне бара алмағандықтан, басқа жұмысқа тұрады. Ол жердің айлығы бұрынғысынан төрт есе аз еді. Есесіне ол қауым кездесулеріне қатысады және тұрақты ізашар болып қызмет етеді. Үйленіп, дүниеге екі ұлы келгенде, Хосе ізашарлық қызметін тоқтата тұрады.

Хосе екі баласына сәби кезінен шындық жайлы тәлім береді. Әйелі Хосефинаның жүкті кезінде құрсағында жатқан үш айлық сәби бәрін естіп жатыр деген оймен Хосе оған “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” деген кітапты дауыстап оқып беріп жүреді. Ұлдары Ноэ дүниеге келгенше Хосе бұл кітапты аяғына дейін оқып бітеді. Екінші ұлы Нефтали туыларда да ол тура осылай істейді.

Уақыт өте келе Хосе жұмысында бас директор болып, алдыңғысынан он есе көп табыс табады. 2008 жылы ұлдарының бірі 10 жасқа, екіншісі 13 жасқа келгенде, Хосе директорлық қызметін тастап, қайтадан тұрақты ізашар болып қызмет ете бастайды. Бұл жолы ол әйелімен және ұлдарымен бірге ізашар болып қызмет етеді. Кірістері айтарлықтай азайғандықтан, оларға шығындарын барынша азайту керек болды. Төртеуінікін қосқанда, қазір олардың 30 шақты Киелі кітап зерттеу сабағы бар. Расында да, Иса айтып кеткендей, Патшалық ісін басты орынға қойсақ, Ехоба батасын төгеді (Мат. 6:33). Хосе мен оның отбасы мұның растығына нық сенімді және Ехобаның өз уәделерін міндетті түрде орындайтынына талай рет көз жеткізген.