Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жоғарғы Сванетия

ГРУЗИЯ

Грузия туралы жалпы мағлұмат

Грузия туралы жалпы мағлұмат

Жүзім жинайтын көңілді науқан

Жері. Грузия елі шыңдарын қар басқан асқар тауларымен әйгілі. Олардың кейбірінің биіктігі 4500 метрден асады. Ел шығыс және батыс Грузия деп бөлінеді, әрі олардың әрқайсысы бірнеше ауданнан тұрады. Әр ауданның климаты әртүрлі, әдет-ғұрпы, музыкасы мен биі, ұлттық тағамы да әр алуан.

Халқы. 3,7 миллион халқының басым бөлігі грузиндер.

Діні. Халқының көбісі православ, ал шамамен 10 пайызы ислам дінін ұстанады.

Тілі. Грузин тілі көршілес елдердің ешқайсысының тілімен туыс емес. Тарихи деректерге сай, грузин тілінің бірегей әліпбиі біздің заманымызға дейін ойлап шығарылған.

Шаруашылығы. Көпшілігі ауылшаруашылығымен күн көреді. Соңғы жылдары туризм саласы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.

Климаты. Елдің шығысында климат жұмсақ. Ал цитрусты жемістер көп өсетін Қара теңіз жағалауының, яғни батыс Грузияның, климаты субтропикалық.

Кахетия облысындағы жүзім жинау науқаны

Тағамы. Дастарқандарынан нан үзілмейді. Әдетте нан ошақта пісіріледі. Негізгі тағамы — дәмдеуіштер мен көк шөптер қосылған бұқтырылған ет. Шарап жасауға келер болсақ, оның тарихы тереңде жатыр. Әдетте шарап үлкен қыш құмыраларда ашытылып, сақталады. Көп отбасы жүзімді өздері өсіріп, шарапты да өздері жасайды. Грузияда жүзімнің 500-ге жуық түрі өседі.

Нан пісіріліп жатыр