Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Зерттейтін болсаң

Зерттейтін болсаң

Жүктеу:

  1. 1. Еңбектеген балғын бала күнімнен

    Үңілдім мен Жазбалардың терең мәніне.

    Әкетайым оқитын әр кеш сайын,

    Есейген соң бұл әдеттен еш жаңылмадым.

    Өйткені сөреден,

    Жазбаларды қолға алам мен,

    Тура жолда нық тұрам,

    Еске алып барлық кеңестерін оның.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зерттейтін болсаң,

    Су бойында тұрған саялы ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Жайқаларсың жасыл жапырағың еш солмай.

    Зерттейтін болсаң,

    Терең тамыр жайған биік ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Өсіп-өркендейсің сынақта шайқалмай.

  2. 2. Уағыздауға жол ашылса, не деймін?

    Ермей қойсам басқаларға, не дейді екен?

    Ізденген соң, бойға жігер енген соң,

    Еш қысылмай білгенімді енді айта алам.

    Өйткені сөреден,

    Жазбаларды қолға алам мен,

    Тура жолда нық тұрам,

    Еске алып барлық кеңестерін оның.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зерттейтін болсаң,

    Су бойында тұрған саялы ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Жайқаларсың жасыл жапырағың еш солмай.

    Зерттейтін болсаң,

    Терең тамыр жайған биік ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Өсіп-өркендейсің сынақта шайқалмай.

    ӨТКЕЛ:

    Өзіме көмек болған

    Сөздерді еске алам.

    Жаны қиналғанның әрдайым табылам қасынан.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зерттейтін болсаң,

    Зерттейтін болсаң,

    Зерттейтін болсаң,

    Зерттейтін болсаң,

    Зерттейтін болсаң,

    Су бойында тұрған саялы ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Жайқаларсың жасыл жапырағың еш солмай.

    Зерттейтін болсаң,

    Терең тамыр жайған биік ағаштай

    Зерттейтін болсаң,

    Өсіп-өркендейсің сынақта шайқалмай.