Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сені ғана

Сені ғана

Жүктеу:

  1. 1. Тек сені,

    Сүйемін тек сені.

    Бір өзің —

    Өмір серігім.

    Болмысыңа игі

    Тәнтімін әлі мен.

    Қолдауыңды,

    Құрметіңді сезем.

    Жар боп екеумізге

    Бізді қосқан Құдай,

    Кешеміз шат өмір,

    Жұбымыз жазылмай.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Екі жарты бір бүтін,

    Менің дара жұбымсың.

    Құдай қолдап көктен, мен сүйіп өтем

    Сені ғана.

  2. 2. Жан дүниемді

    Сезесің сен ғана.

    Махаббатың

    Сондай ыстық маған.

    Ехобамен бірге

    Еңбектеніп талмай,

    Жүрейік мәңгілік

    Жұбымыз жазылмай.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Екі жарты бір бүтін,

    Менің дара жұбымсың.

    Құдай қолдап көктен, мен сүйіп өтем

    Сені ғана.

    Екі жарты бір бүтін,

    Менің дара жұбымсың.

    Құдай қолдап көктен, мен сүйіп өтем

    Сені ғана.

    Сені ғана.

    Сені.