Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Құдайдың жаратылыстарына ризамын

Құдайдың жаратылыстарына ризамын

Жүктеу:

  1. 1. Тау шыңы ұштасқан заңғар көкпен,

    Самал желі ессе, бөктері тербелген.

    Жұпар дала мәуелі бағындай,

    Көшкен бұлттары ақ мамықтай.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Асқақ сезім

    Билеп бойымды,

    Қалай жеткізем

    Саған алғысымды?

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сыйларыңа рақмет,

    Бізге үйіп-төккен.

    Әке, рақмет,

    Жомартсың сен неткен.

    Көз тастасам,

    Кәдімгі нәрсе деп ойламай, тамсанам,

    Өзіңе, Ехоба, мен жолдаймын

    Алғысымды шексіз.

    Алғысымды шексіз.

  2. 2. Небір бояулар тамған қаламыңнан,

    Небір сылдыр дыбысқа маңғаз дала тұнған.

    Сансыз жұлдызға төккенде нұр түнгі ай,

    Жалт-жұлт етер інжу-моншақтай.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Асқақ сезім

    Билеп бойымды,

    Қалай мен жеткізем

    Саған алғысымды?

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сыйларыңа рақмет,

    Бізге үйіп-төккен.

    Әке, рақмет,

    Жомартсың сен неткен.

    Көз тастасам,

    Кәдімгі нәрсе деп ойламай, тамсанам,

    Өзіңе, Ехоба, мен жолдаймын

    Алғысымды шексіз.

    ӨТКЕЛ:

    Әрбір ісіңде еш мін жоқ,

    Даналығың күшің зор.

    Бұл махаббатың

    Неткен шексіз.

    Ризамын мен шексіз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сыйларыңа рақмет,

    Бізге үйіп-төккен.

    Әке, рақмет,

    Жомартсың сен неткен.

    Көз тастасам,

    Кәдімгі нәрсе деп ойламай, тамсанам,

    Өзіңе, Ехоба, мен жолдаймын

    Алғысымды шексіз.

    Алғысымды шексіз.

    Алғысымыз шексіз.